Алматыдағы жаппай төбелеске қатысты полиция түсінік берді

rod-pravo.org
Ұсталған адамдардың үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыдағы жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсірген. Видеода ер адамды темірмен аяусыз соққыға жығады. Алматы полициясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

20 желтоқсанда сағат 01:14 шамасында Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығына Момышұлы көшесінің бойындағы кафелердің бірінің жанында төбелес болып

жатыр деген хабарлама келіп түскен.

- Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1998 жылы туған екі азамат Әуезов ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді. Ұсталған адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді полициядағылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Пол часа назад драка на момуышулы не доезжая кабдолова бывшая маречка, 1:30-2:30 по беспределу...

Публикация от kris_p_almaty (@kris_p_almaty)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды