Тоқаев Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты

Ақорда
Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосты - Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз режиссері Болот Шамшиевтің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті қырғыз халқының аса көрнекті режиссері Болот Шамшиевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әдебиеті мен драматургиясы классиктерінің шығармалары Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды