Ұшақ құлаған жер қоршауға алынды, іздестіру жұмыстары жүруде

Денис Кривошеев
Ұшақ апаты орнында арнайы комиссия да жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандардың саны нақтылануда.

Төтенше жағдай орнында жүрген Алматы облысы Талғар ауданы учаскелік полиция бөлімі бастығының орынбасары қазіргі уақытта мұнда не болып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Марат Күштыбаевтың айтуынша, таңертең 7.30 шамасында Талғар аудандық полиция бөліміне Гүлдала ауылының шетінде ұшақ құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірнеше аудандық учаскелік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері тобымен жіберілді.

Қазір бұл жерде Алматы облысы мен Алматы қаласының полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар іздестіру және құтқару жұмыстарымен шұғылдануда. Оқиға орны қоршалған.

Ұшақ апаты орнында арнайы комиссия да жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандардың саны нақтылануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды