Air Astana Дубайға қатынайтын ұшақ бағыттарына өзгеріс енгізді

zo4gw3d1rz.a
Ұшу уақыты ұзаратын болады.

Air Astana әуекомпаниясы Ирак пен Иранның әуе кеңістігі арқылы қатынауды доғару мақсатында Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға ұшатын ұшақ бағыттарына өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Air Astana Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуды жөн көргендіктен, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға ұшатын ұшақ бағыттарына өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мұндай жағдайда ұшу уақыты: Алматы - Дубай 20 минутқа, Дубай - Алматы 10 минутқа, Нұр-Сұлтан - Дубай 55 минутқа, Дубай - Нұр-Сұлтан 35 минутқа артады, делінген хабарламада.

Air Astana халықаралық жағдайды жіті бақылай отырып, оған қатысты компания қандай да бір өзгерістер туралы шешім қабылдаса, онда бұл туралы халықты алдын ала хабардар етеді.

Жолаушыларға өз рейстеріне қатысты кестені airastana.com сайтынан немесе Брондау және ақпарат орталығынан тағы бір нақтылап алуға кеңес беріледі. Ол үшін: 244 4477 (Алматыдан) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларынан) телефондары бойынша, сондай-ақ +7 702 702 4477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды