Желіде бір адам мандариннің ішінде дәрінің қалай пайда болатынын көрсетті

Pixabay
Қарағаш ауылының тұрғыны мандариндерді тазалап отырып, оның ішінен таблеткалар тауып алған.

Бір ер адам мандариннің ішіне дәріне қалай тығатынын көрсетіп, видео түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағаш ауылының тұрғыны мандариндерді тазалап отырып, оның ішінен таблеткалар тауып алған. Сандуғаш Окасова алмұрт пен алманы да тазалағанда осындай масқара жайтқа тап болған. Кейін бұл жемістердің жергілікті дүкеннен сатып алынғаны, сөреге олар, болжам бойынша, Көкшетаудан жеткізілгені белгілі болды.

Жемістен алынған тоғыз дана таблетканы әйел мамандарға табыстаған. Ол оны жеміс ішінен тауып алғанының дәлелі ретінде смартфонына түсірілген видеоны ұсынған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама нәтижелері бір ай ішінде жарияланады.

Дегенмен тағы бір видеоның авторы желіде мандариннің ішінде дәрінің қалай пайда болатынын көрсетіп, өз болжамын жариялады. Ол дәрінің жеміс ішінде тек түсірілім алдында пайда болған деп санайды, әйтпесе, оның пайымынеша, ұзақ уақыт ішінде таблетка еріп кетуі тиіс екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды