"Зерделі-6" ықшамауданындағы үйдің не себепті қисайғаны белгілі болды

Алматы ТВ
Екіншіден, техногенді, еріген, жаңбыр сулары мен кәрізден шыққан жуындылар үйдің іргетасы астына жинала берген.

Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры Ералы Шоқпаров үйдің қисаюына не себеп болғанын және құрылыс кезінде қандай қателіктерге жол берілгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, үйдің қисаюына бірнеше себеп бар.

- Атап өтсек, арық жүйесі және құрылыс аумағын жоспарлау дұрыс жүргізілмеген. Екіншіден, техногенді, еріген, жаңбыр сулары мен кәрізден шыққан жуындылар үйдің түбіне жинала берген. Үшінші себеп - іргетастың астынан құрылыс қоқысы табылды. Төртіншіден, іргетас астындағы топырақ тірегі 1,5 метр болуы керек, алайда онда тек 1,01 метр. Яғни, топырақты қайта төгу дұрыс жүргізілмеген, оны тығыздамай төге салған.

Еске салайық, 11 желтоқсанда "Зерделі-6" ықшамауданындағы № 179 үйдің тұрғындары үйдің қисайып бара жатқанын айтып шағымданған еді. Артынан олар үйді босатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды