Уханнан эвакуацияланған қазақстандықтардың денсаулығына қатысты мәлімет жарияланды

ortcom
Эвакуацияланғандардың басым бөлігі - студенттер.

ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтардың хал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Уханнан 89 адам эвакуацияланды. Олардың 83-і -қазақстандық (80-і студент), бесеуі - Беларусь азаматы және бір Армения азаматы бар. Олардың барлығынан сынама алынды, жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде, дене қызуы қалыпты, ешқандай шағымдары жоқ. Барлығынан коронавирус табылмады. Ол зертхана тексеруімен дәлелденді. Соған қарамастан, оларды барлығы 14 күн карантинде болады", – деді Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәлихатында.

Сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдарына, блогерлерге және қарапайым азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын тағы да ескертті.

Айта кетейік, 2020 жылдың 2 ақпанында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы ҚХР Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті елге жеткізді. Олар Нұр-Сұлтан қаласынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан көпбейінді аурухана жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күнге карантинге жатқызылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды