Жәкішов өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босатуын сұрап, үшінші рет өтініш түсірді

Азаттық
Алдында оның мұндай өтініші екі ретінде де қанағаттандырылмаған.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев үшінші рет өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрап, өтініш берді, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы үшінші рет өтініш түсіріп, оны Семей соты 10 ақпанда қабылдады, деп жазды адвокат Нұрлан Бейсекеев Facebook-тегі парақшасында осы хабарды баршаға жеткізуге асыққанын айта отырып.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы 2009 жылы ірі уран кен орындарындағы мемлекет үлесін сатты деген айыппен ұсталған. 2010 жылы сот Жәкішевті өзіне сеніп тапсырылған қаражатты жұмсады және пара алуға байланысты айыпты деп тапты. Ол 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 2018 жылғы 28 қарашада Семей соты Жәкішевті 99,6 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өтемегені үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. 2019 жылдың 24 шілдесінде де сот оны екінші рет шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат бермеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды