Түнде Алматыда Camry 70 аударылды

zakon.kz
Куәгерлер жүргізушіні мыжылған көлік ішінен шығарып алды.

21 ақпанда түнде Алматыда Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында Toyota Camry мен Hyundai Creta автокөліктері соғысты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Куәгерлер айтқандай, соғылар алдында Toyota Camry Сәтпаевпен батыс бағытта, Hyundai Creta Сәтпаевпен шығыс бағытта келе жатқан.

Солға бұрыла салған Hyundai жүргізушісі жол бермеген деседі.

Hyundai көлігін оңдырмай ұрған Toyota екі бағдаршамды соғып, аударылып, ақыры ағашқа қадалып бірақ тоқтапты.

Адамдар сау. Куәгерлер жүргізушіні мыжылған көлік ішінен шығарып алды. Шыққан бойда жүргізуші көлігінің нөмірін шешіп ала қоюды ұмытпады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды