Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар галереясына Димаштың да суреті қойылды

Instagram
2019 жылы 10 желтоқсанда Димаш Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертін өткізіп, шетелдік көрермендерін көзайым еткен

Нью-Йорктегі атақты жұлдыздар суреті ілінген Barclays Center галереясында Димаштың да суреті пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылы 10 желтоқсанда Димаш Нью-Йорктегі Barclays Center стадионында жеке концертін өткізіп, шетелдік көрермендерін көзайым еткен. Ол атақты Элтон Джон мен Пол МакКартни тұрған сахнада ән шырқап, солар сияқты толы стадионды өз өнерімен тәнті етті.

Barclays Center-де бұрыннан атақты әншілер ғана ән салып келген. Оны осы орталықтың қабырғасына қойылған суреттер галереясынан анық байқауға болады. Мен деген әншінің бәрі тұр онда. Енді солардың қатарына Димаштың да суреті ілінді.

"АҚШ. Нью Йорк. Атақты жұлдыздар суреті ілінген Barclays Center галереясында Димаштың да суреті ілулі тұр", - деді Қанат Айтбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды