Әйелі Ксенияны ұрды деген Бауыржан Ашигалиев сотта ақталды

YouTube
Қылмыс құрамы жоқ деді сот.

Бұрынғы әйелін өлтіремін деп қорқытты, заңсыз бостандығын шектеді деп айыпталған Бауыржан Ашигалиев ақталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қылмыс құрамының жоқтығы себепті Ашигалиев ақталуға жатады, - деді судья Иманқұлов.

Судьяның айтуынша, куәгерлер мен жәбірленушінің сөздерінің дәлелдері жоқ.

Сот Ашигалиев Бауыржанды кінәсіз деп танып, дәлелдердің болмауынан ақтау туралы үкім шығарды. Үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылсын деді.

Сондай-ақ, сот Бауыржан Ашигалиевті қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартқан Алматы полиция департаментінің бастығына қатысты жеке қаулы шығарды.

Жарыссөзде прокурор Бауыржанды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын, ал адвокат оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты оны ақтауды сұрап еді.

29 шілдеде желіде Jackpot тобының әншісі Ксения Ашигаливаның видеосы пайда болды. Онда қыз күйеуі Бауыржан Ашигалиевтің ұрып-соққанын, қамауда ұстап, өлтіруге әрекет жасағанын айтқан. Келесі күні полиция оның күйеуін ұстады. Тамыз айында Бауыржан Ашигалиев үй қамауына алынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды