Желіде тікұшақпен дәрі шашу туралы тараған ақпаратқа қос қаланың әкімдігі түсінік берді

Факты
Мұндай хабарлама таратқандарға заңда жаза бар.

Әлеуметтік желілерде тікұшақтар дезинфекция жүргізу үшін төбеден дәрі шашады деген хабар тарады. Онда дәл қай жерде шашатындығы көрсетілмеген. Коронавирус тіркелген Қазақстан қалаларының әкімдіктері бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін сағат 23:00-ден таңертеңгі 5-ке дейін тікұшақтар дезинфекцияға арналған дәрі-дәрмектерді шашады, терезелер мен балкондар жабық болуы керек, ал 23:00-ден кейін көшеге шығуға болмайды. Бұл туралы әскери бөлімнен хабарлады, делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалық әкімдіктері бұл ақпаратты жалған деп атады.

Бұған дейін көшеде және мектептерде жүрген балаларға айыппұл салынады деген фейк ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды