Димаш америкалық продюсерлік агенттікпен келісімшартқа отырды

dimashclub.ru
IPZ – шоу-бизнес пен спорт саласындағы медиа адамдарға кеңес беретін, ақпарат алаңында жұлдыздардың мүддесін қорғайтын агенттік.

Димаш Құдайберген америкалық IPZ лейблімен келісімшартқа отырды. Бұл ақпаратпен әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

1 маусымда АҚШ-та - Нью-Джерсиде 26 жастағы қазақ әншісі, композитор, көп музыкалық аспапта ойнау шебері, ерекше вокалымен танымал Димаш Құдайберген IPZ компаниясымен келісімшартқа отырды.

"Димаш – Америка Құрама Штаттарында танымал бола бастаған талантты әнші. Оның өз мансабын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктері бар және ол әлемдік брендтер үшін активке айналады», - деді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.

IPZ – шоу-бизнес пен спорт саласындағы медиа адамдарға кеңес беруге бағытталған америкалық лейбл. Олар ақпарат алаңында жұлдыздардың мүддесін қорғайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды