Жаңа "Бораттың" трейлері шықты

kinofilms
2006 жылы шыққан комедияның бірінші бөліміне Қазақстанда тыйым салынған.

"Борат 2" комедиялық фильмінің тұңғыш тизер-трейлері пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Ол 30 қыркүйекте Amazon Prime Video сервисінің YouTube-каналында жарияланды.

"Борат 2" де алғашқы Борат сияқты әлеуметтік-саяси сатира жанрында түсірілген. Бас кейіпкері — Американы зерттеп жүретін қазақстандық журналист Борат Сағдиев.

Сиквелдің толық атауын ағылшыннан аударғанда "Борат: Порнографиялық маймылдың жуырда азайып қалған Қазақстан халқының игілігі үшін вице-премьер Михаил Пенске сыйлығы" деп аталады.

Бұл картинада басқасын айтпағанда Саша Барон Коэн Дональд Трампты мазақ етіп, коронавирус тақырыбын да қозғайды.

Фильмнің премьерасы 2020 жылдың 23 қазанында Amazon Prime платформасында өтеді.

2006 жылы шыққан комедияның бірінші бөліміне Қазақстанда тыйым салынған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды