Маңғыстау облысында жалған доллар өткізген әйел 5 жылға сотталды

obk.kz
1000 долларды таныстарына қарызын өтеуге беріп, қалған 500 долларын "Халық Банкте" айырбастамақ болған еді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау ауылының тұрғынына қатысты жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында айыпталушының 2020 жылдың басынан табылған 1500 АҚШ долларының жалған екендігін біле отыра, оның 1000 АҚШ доллары сомасында таныстарына қарызын өтегендігі анықталды. Қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының, Маңғыстау а. орналасқан "Халық Банк" айырбастау кассасында айырбастамақ болып, сол уақытта ұсталды.

Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық сотының үкімімен ауыл тұрғыны ҚР ҚК 231-б. 2-б. 2-т. Қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты болып танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды