Ауыл әкімі де шыдамады. Карантин кезінде ұлына дүркіретіп той жасады

видеодан алынды
Үйлену тойы өткен демалыс күндері болған.

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі ұлына мейрамханада үлкен той жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, үйлену тойы өткен демалыс күндері болған.

Куәгерлер Mой город басылымы редакциясына үйлену тойынан қонақтар түсірген видеоны жолдады. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға кейіпкері - Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы. Бұл жайтқа байланысты журналистер Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовпен байланыса алмады.

Ал Ақжайық ауданының әкімі Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімі Тәтжан Өтемісовтың ұлының үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгендерін айтты.

- Бұл бір ыңғайсыз жағдай болды, қазіргі уақытта Тәтжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы, барлық аудан әкімдеріне карантиндік шаралардың сақталуы туралы хабарланған. Барлық шаралардың сақталуын қамтамасыз ету үшін осы бағытта жұмыс істейтін арнайы бақылау топтары бар. Демалыстан шыққаннан кейін бұл жағдай заңды түрде қаралатын болады. Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауы 30 қазанға жоспарланғанымен, үміткерлер арасында қазіргі әкім Татжан Өтемісов жоқ, - деді Ердос Үмітов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды