Алматыда кәмелетке толмаған қызды мәжбүрлеп жезөкшелікке салған

needy-mh.com
Полиция күдіктінің бұрын өзінің жаңа туған сәбиін сатқаны үшін сотталғанын атап өтті.

Алматыда 17 жастағы қызды мәжбүрлеп жезөкшелікке салған, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның анықтауы бойынша, жеңгетай әйел екі қызды мәжбүрлі түрде жезөкше еткен, олардың біреуі - небәрі 17 жаста, екіншісі - 22 жаста.

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Пушкин көшесіндегі үйлердің бірінен жезөкше ордасы анықталды. Белгілі болғандай, әйел қыздарды жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызамын деген желеуге қалаға ертіп келген. Шындығында, оларды мұнда жезөкше ордасы қабылдап алған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылуды: ҚР Қылмыстық кодексінің 134-бабы, "Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту" және ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы, "Жезөкшелер үйін ұйымдастыру және ұстау" бойынша", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдікті қамауға алынды. Полиция күдіктінің бұрын өзінің жаңа туған сәбиін сатқаны үшін сотталғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды