"Мені зорлады" деп жалған сөйлеген 19 жастағы ауыл қызы сотталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бойжеткен жалған сөз жеткізген екен.

2020 жылдың мамыр айында Талдықорған қаласы ПБ Батыс қалалық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабына сәйкес "Зорлау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында тергеуші өтініш берушінің жауаптарындағы бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады.

Олар анықталған кейбір жайттарға қарама-қайшы келді.

Сараптама қорытындыларымен және басқа да объективті дәлелдермен теріске шығарылды. Өзге біреудің үстінен полицияға арызданған Көксу ауданы Мұқыры ауылының 19 жастағы тұрғынының өз танысына көрінеу жала жапқаны әшкере болды. Тәртіп сақшылары зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі қысқартып, көрінеу жалған сөз жеткізу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде осы жылдың қазан айында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 19 жастағы қыз кінәлі деп танылып, оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды