"Қатты шаршап кеттім...". Аязды күні қызын далаға қуған ана көптен кешірім сұрады

Telegram
Қазір оқиғаға баға беру үшін құзырлы орган өкілдері бұл фактіні жан-жақты зерттеп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің қатыгез әрекетін түсіндіріп, көптен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Желіде аязды күні жалаңаш далада отырған қыз баланың суреті пайда болып, көптің талқысына түсті. Тексере келе, әйел адам баласын осылайша жазаламақшы болғаны белгілі болды.

Ол бұл жайт өзіне сабақ болғанын айтып, өз ісіне өкінетінін жеткізді.

- Қатты шаршап кеттім, ақша деген түкке жетпейді, пәтерақы, жын қуғандай, тез жетіп келеді, үнемі жұмыс іздеуге тура келеді. Рас, кеше балаларға тиістім. Бөтен біреулер балаларымды алып кеткенін қаламаймын. Мен қызымды суық далаға қуып шықтым, бұлай бәрі жалғаса беруі дұрыс емес екенін өзімнің есіме салу үшін, - дейді ол.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Ол мұндай жағдайда сөз табу қиын екенін айтып, ойын қысқа қайырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды