Алаяқтыққа барған аудан әкімі 5 жылға сотталды

azh.kz
Ол 12 млн-ға жуық теңгені алаяқтық жолмен қолды қылған.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне жалпы құны 11 840 000 теңгені құрайтын "Құлан" бағдарламасы бойынша 40 жылқы сатып алуға несие бергені анықталды, алайда бұл ақша иесіне бұйырмаған, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Көрсетілген қаражатты иемденіп, оны өз қажеттіліктері үшін ысырап ету мақсатында жалған құжаттар мен түбіртектерді қолданғаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды