Танымал актер Тәуекел Мүсілім ұлды болды

Ашық дерекөздерден алынды
Тәуекел Мүсілім мен жары Махаббат Түктібаева былтыр қаңтарда некесін мешітте қидырған еді.

Танымал актер Тәуекел Мүсілім ұлды болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы актердің дос-жарандары әлеуметтік желіде жарыса жазып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Тәуекел Мүсілім мен жары Махаббат Түктібаева былтыр қаңтарда некесін мешітте қидырып, оның суреті желіде тарады. Алайда актер көпке дейін бұл суретке қатысты ләм-мим деп тіс жармады. Бірақ біраз уақыттан соң еліміздегі көп арудың арманы - Тәуекел қолына бақыт құсын қондырғанын ресми түрде растады.

Жастардың үйлену тойы болмады. Әрине, бұл пандемияға байланысты екені анық. Актер тойдың жазда болатынын айтқан еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды