Қазақстандықтар көбіне қандай жағдайда пара беруге мәжбүр

zakon.kz
Аталған жағдайлардың үштен екісі бейресми өзара қатынас кезінде орын алған.

Transparency Kazakhstan сарапшылары қалалар, облыс және аудан орталықтары деңгейінде 9000 респонденттен сұрақ-жауап алып, Ашық диалог порталына келіп түскен 1347 өтінішті зерттеді. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, олар еліміздің қай мемлекеттік мекемелері сыбайлас жемқорлыққа ең көп жол беретіні бойынша қорытынды жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алынған нәтижелерге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттік мекемелер - емханалар мен ауруханалар, полиция, салық және өртке қарсы қызметтер, жер қатынастары және қала құрылысы органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік балабақшалар мен университеттер болып айқындалды, аталған жағдайлардың үштен екісі бейресми өзара қатынас кезінде орын алған.

Transparency Kazakhstan ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян сыбайлас жемқорлыққа негіз болған басты себептерді атап көрсетті: емделуге немесе емделуге жолдама алу қажеттілігі - 12,7%, жұмысқа орналасу - 10,1%, баланы балабақшаға орналастыру - 6,1%, жер мәселесін шешу - 6,5%, халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алу - 5,1%, оқу сессиясын "жабу" - 4,4%, салық есебін тапсыру - 9%, заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті болдырмау - 8,4%.

Өткен жылмен салыстырғанда параның мөлшері айтарлықтай азайған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды