Ақмола облысында қатты жел мәдениет үйінің шатырын бүтіндей жұлып кетті

Ақмола облыстық ТЖД
Ғимарат 1968 жылы салынған. Шатырдың жалпы ауданы шамамен - 1000 ш.м. Шатырға күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілді.

Ақмола облысында қатты соққан жел мәдениет үйінің шатырын жұлып, ағаштарды сындырды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылы 18 ақпанда сағат 13:48 уақытында ауа-райына байланысты, атап айтқанда, бұрқасындатқан қатты жел (23-25 ​​м / сек.) Жақсы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің шатырын металл құрылғысымен қоса толықтай жұлып әкетті, ішінара әрлеу тақтайшалары мен ғимараттың маңдайшасындағы тақтайшасы да ұшты, ғимараттың сол жақ қабырғасы шамамен 20 метр аумағы зақымдалып, ағаштар сынды, - деп хабарлады Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ғимарат 1968 жылы салынған. Шатырдың жалпы ауданы шамамен - 1000 ш.м. Шатырға күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды