Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге қонды

1prime.ru
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысында Ан-2 ұшағы Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұшақ бортында 5 адам болған.

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесінің Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды, делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды