Көкшетауда ер мұғалім жоғалып кетті

Ақмола облыстық ПД
Полиция анықтағандай, ол Көкшетауға жеке ісімен келген, нағашы апасына жолығып, Абылай хан даңғылы маңында жоғалып кеткен.

Көкшетауда тәртіп сақшылары жоғалып кеткен мұғалімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

10 мамырда полицияның кезекші бөліміне Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғынынан ұлын іздеуге көмектесу туралы өтініш түсті. 1989 жылғы Теміржанов Бахтияр Талғатұлы 7 мамырда Көкшетаудағы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, оның қайда екендігі әлі белгісіз, - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция анықтағандай, ол Көкшетауға жеке ісімен келген, нағашы апасына жолығып, Абылай хан даңғылы маңында жоғалып кеткен.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 175-180 см, арық денелі, қара шашты, қысқа кесілген, қоңыр көзді.

Үстінде: сұр джинсы, қара көк күрте, аяғында бауы бар қоңыр туфли киген.
Ерекше белгілері: төменгі еріннің астында қалы бар.

Ер адамның тұрған жерін анықтау үшін полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында барлық таныстар мен жақын адамдардан сұрақ-жауап алынды. Көшедегі барлық бейнебақылау камералары мониторингіленді, бірақ ер адамның орналасқан жері табылмады.

Полиция кез-келген ақпараты бар немесе Теміржанов Бақтияр Талғатұлының қай жерде екенін білетіндерден 102 арнайы желісіне немесе 29-96-00 телефон нөміріне қоңырау шалуын сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды