Түркияның солтүстігіндегі су тасқыны салдарынан 17 адам опат болды

видеодан алынды
Су тасқыны болған аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, Ердоғанның айтуынша, оған 4600-ден астам адам мен 1000 -нан астам техника жұмылдырылған.

Түркия президенті Тайып Ердоған әлеуметтік желілер арқылы су тасқыны құрбандарына қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС -қа сілтеме жасап.

Кастамону, Синоп және Бартин провинцияларында болған су тасқыны салдарынан 17 азаматымыздың қаза болуына байланысты көңіл айтамын, деп жазды Түркия президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін республика билігі елдің солтүстігінде табиғи апаттан зардап шеккен 11 құрбан туралы хабарлаған болатын.

Су тасқыны болған аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, Ердоғанның айтуынша, оған 4600-ден астам адам мен 1000 -нан астам техника жұмылдырылған.

11 тамызда қатты нөсер салдарынан Түркияның солтүстік -шығысындағы бірқатар провинцияларда, Бартин, Синоп, Кастамону қалаларында су тасқыны болды. Қала көшелерін лай су шайды. Ғимараттарға, көліктер мен инфрақұрылымға зақым келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды