Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланды

ҚР ҚМ
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жұмыстарының басшысы болып облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев тағайындалды.

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 28 тамыздағы шешімімен Байзақ ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, делінген құжатта.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жұмыстарының басшысы болып облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев тағайындалды.

Шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде инженерлік оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты. Өрттің себебі әлі анықталған жоқ. Өрт инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға тез жетті.

Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады, ол басқа қоймаларға ойысты. Алапат өрт болып, бірнеше инженерлік оқ-дәрілер жарылды.

Салдарынан 15 адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды