Австралияда жер сілкінісінен ғимараттар бүлінді

twitter / STORMnewsru
Жер сілкінісі Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльстің бірнеше аймақтарында, Канберра, Аделаида және Сиднейдің батысында, сондай-ақ Лонсестон, Тасмания маңында да сезілді.

Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауында 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

22 қыркүйекте сейсмологиялық қызмет Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауында жер сілкінісін тіркеді. Зілзала Мельбурннан шығысқа қарай 180 шақырым қашықтықта орналасқан тауда (халқы 5 миллионнан астам) болған, зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған, деп хабарлайды ТАСС.

6 баллдық алғашқы дүмпулер Мельбурннан солтүстік-шығысына қарай 200 шақырым қашықтықта орналасқан Мансфилд ауылының аумағында (халық саны - 4,7 мың адам) сағат 09: 15 -те тіркелді. Кейінірек жер асты дүмпулері оңтүстікте 150 шақырымдағы Томпсон-дам бөгетінде, Мельбурннен шығысқа қарай 180, Канберрадан оңтүстікке қарай 22 шақырымдағы Тредбо ауылының маңында тіркелді, - дейді сейсмологтар.

ABC хабар тарату корпорациясының айтуынша, Мельбурнде қала орталығындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Мегаполис көшелеріндегі ғимараттар мен жолдарға зақым келгені жайлы ақпарат түсті.

Жер сілкінісі Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльстің бірнеше аймақтарында, Канберра, Аделаида және Сиднейдің батысында, сондай-ақ Лонсестон, Тасмания маңында да сезілді.

Сейсмологиялық зерттеу орталығының басшысы Адам Паскальдың айтуынша, Мельбурннің солтүстігінде жер сілкінісі шамамен 15-20 секундқа созылған.

Бұл жойқын жер сілкінісінің артынан тағы одан да күштірек жер сілкінісі болуы мүмкін, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды