Алматылық дәрігер вакциналауды тоқтату үшін Цоймен кездеседі - кезекті дақпырт

pixabay.com
Дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцина алған ер адамдарды тексеріп, олардың бәрі ұрықсыз екенін анықтаған-мыс.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы гомеопат дәрігердің ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесуі жоспарланғаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Дәрігер COVID-19-ға қарсы вакцина алған ер адамдарды тексеріп, олардың бәрі ұрықсыз екенін анықтаған-мыс. Осыған байланысты алматылық дәрігер Ирина Прокушева Алексей Цоймен алдағы сенбі күні, 9 қазанда кездесуді жоспарлап отыр. Кездесу барысында олар вакциналауды тоқтату, Ashyk жүйесін және карантиндік шектеулерді алып тастау мәселелерін талқылайды, делінген дақпырт хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, министр Алексей Цоймен арада мұндай кездесу жоспарланбағанын жеткізді.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің дәрігер Ирина Прокушевамен кездесуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта вакцинацияны тоқтату және Ashyk жүйесін алып тастау мәселелері қаралып жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

Stopfake.kz мамандар зерттеулері COVID-19-ға қарсы вакциналар мен ерлердің бедеулігі арасындағы байланысты жоққа шығаратынын хабарлайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды