Көкшетау моншасында балалар химиямен уланды

pixabay.com
Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Ақмола облысында монша кешеніне барған балалар химиялық затпен уланып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 23 қазанда болған.

20:20-да Көкшетау қаласының тұрғынынан қаладағы монша кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған балалардың уланғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Көпсалалы облыстық ауруханаға "химиялық затпен улану" диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді, деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, аталған факті бойынша, ҚР ҚК 306-бабының 2-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды