Көкшетауда жас қыз терезеден секірмек болды

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Үшінші қабаттың терезесінен.

Оқиға 26 қазанда Васильковский ш/а 24 үй мекенжайында орын алды. Сағат 17.10-да ЖҚБ кезекші бөліміне жас қыздың 3-қабаттың терезесінен секіруге тырысқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына бірнеше минут ішінде келген құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге аумақты қоршап алып, іс-қимыл жоспарын ойластыру арқылы автосаты көмегімен қызды құтқарып қалды. Оқиға орнында полиция және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді, сондай-ақ қызға психологиялық көмек көрсетілді, деп нақтылады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қуанышқа орай, құтқару сәтті аяқталды. Жағдайды анықтау үшін құтқарушылар қызды тәртіп сақшыларына тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды