Facebook атауын өзгертті. Енді компания Meta деп аталады

facebook.com
Бірақ әлеуметтік желі атауы сол күйінде қалады.

Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлім етті. Бірақ әлеуметтік желі атауы сол күйінде қалады.

"Адамдарды біріктіру – біздің басты миссиямыз болып қала береді. Желінің бренді өзгертілмейді. Жаңа атау біздің жүріп өткен жолымыздан хабар береді. Енді біз тек қана Facebook болғымыз келмейді. Мен компанияны метағаламшарды әзірлеуші ретінде көргім келеді", – деп түсіндірді Цукерберг.

"Метағаламшардың" мақсаты – виртуалды әлемде адамдарды біріктіріп, олар араласу үшін бар мүмкіндік жасау, делінген Meta сайтында.

Компанияға Facebook желісінен басқа WhatsApp, Instagram, Oculus және басқа да сервистер мен қосымшалар тиесілі.

Компанияның бұрынғы қызметкері Фрэнсис Хауген атауды өзгертуге Facebook желісінде қолданушылар жайлы мәліметтердің ашық тарап кетуі себеп болды дейді. Оның сөзінше, Facebook қолданушылар мүддесінен бұрын өзінің табысын биік қойып отыр.

2015 жылы Google интернет-гиганты да компания атауын Alphabet деп өзгертті. Бірақ өнімдерінің атауы сол күйі қалған.

Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды