Таныс қызын зорлаған алматылық алты жылға сотталды

Zakon.kz
Пәтерге кіргізіп алған соң қызды аяусыз ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлады.

Алматыда таныс қызын зорлаған ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Жаңа жыл қарсаңында Ш. деген азамат жаңа жылдық корпоративтік кешті бірлесіп ұйымдастыруды ақылдасайық деген сылтаумен бұрын бірге жұмыс істеген таныс қызды кездесуге шақырды. Сол үшін жігіт жалға пәтер алған. Пәтерге кіргізіп алған соң қызды аяусыз ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлады, сондай-ақ жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адамның кінәсі толық дәлелденді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Медеу аудандық сотының үкімімен азамат Ш.ҚР ҚК 120-бабы, 1-бөлігі, 121-бөлігі, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды