Қазақстандық оқушы таэквондодан Еуропа чемпионатында күміс медаль ұтып алды

ҚР Білім және ғылым министрлігі
Сондай-ақ жас таэквондошы "Жыл спортшысы" кубогының иегері.

Қазақстандық оқушы Снежана Даниленко ITF таэквондодан Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Жарыс Грекияның Крит аралында Ираклион қаласында өтті. Чемпионатқа 25 мемлекеттен 1 мыңнан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Шардара қаласынан 13 жасар оқушы Снежана Даниленко 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді.

Мен таэквондомен 7 жасымнан бері айналысып келемін. Маған бұл спорт түрі қатты ұнайды. Ол алға қойылған мақсатқа жету үшін аса қажет күш, төзімділік, батылдық пен табандылықты дамытады. Мен әрқашан жеңіске ұмтыламын. Ата-анам, мектептегі мұғалімдерім және жаттықтырушым маған үнемі қолдау көрсетеді. Болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әлем чемпионы атанғым келеді, — деді Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Снежана Даниленко.

Айта кетейік, бұл жас спортшының алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін ол Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Өткен жылы Снежана Азия чемпионатында бірінші орын алды. Оның қоржынында 63 медаль бар. Сондай-ақ жас таэквондошы "Жыл спортшысы" кубогының иегері.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды