Алматыда төрт ескі көлік соғылып қалды

Zakon.kz
Полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

Алматының орталығында төрт ескі автокөлік бірінің артына бірі соғылып, бірден төрт жүргізушінің бүгінгі көңіл-күйі бұзылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайсыз жағдай Байтұрсынов көшесінде, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығында болды.

Ford мінген тұрғын тоқтай алмай, Mitsubishi Lancer-ді соқты. Соққы алған аласа Lancer алдындағы асты биік Mitsubishi Montero-ның бұтына тұмсығын тықты, Montero болса, өзінің алдындағы кәрі Volkswagen Passat көлігін осы оқиғаның төртінші қатысушысы етіп қойды.

Жол оқиғасынан Mitsubishi Lancer-дегі жолаушы әйел жарақат алды. Полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды