Жамбыл облысында дауыл кезінде жасөспірім көз жұмды

Zakon.kz
Қатты жел 45-тен астам үлкен ағашты, 12 аялдама мен 32 бағдаршамды құлатты.

Жамбыл облысында дауыл кезінде 17 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Жалпақтөбе ауылында орын алды.

"Хабар 24" мәліметі бойынша, апат кезінде ол жеке тұрғын үйдің төбесінде болған.

Жас жігіт жерге құлады. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, облыста 17 қарашада боран соғып, медициналық көмекке 28 адам жүгінді.

Қатты жел 45-тен астам үлкен ағашты, 12 аялдама мен 32 бағдаршамды құлатты. Қала көшелерінде 34 билборд, тоғыз жарнамалық пилон және 64 жалауша зақымдалды.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы-Ташкент-Термез тас жолы жабылды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды