Нұр-Сұлтанда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

кадр из видео
Есірткіні сақтау орны кездейсоқ таңдалмаған.

Нұр-Сұлтанда есірткі сатумен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі хабарланғандай, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде сатуға дайын тұрған каннабис тобына жататын есірткі заттарын тауып алған.

Салмағы 11,5 кг болатын есірткі партиясы қылмыстық топты ұйымдастырған ер азаматтың әйеліне тиесілі хайуанаттар салонынан табылды. Есірткіні сақтау орны кездейсоқ таңдалмаған. Тінту кезінде қызметтік иттерді адастыру үшін есірткі қаптарын жануарлардың тағамының арасына жасырған. ҚР ІІМ

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық бизнесті ұйымдастырушысы Қазақстанның оңтүстік өңірінен каннабис тобының есірткілерін әкелген.

Топ мүшелері есірткі сақтап, орап, тасымалдап, таратумен айналысқан. ҚР ІІМ

Өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде 2,5 мың доза гашиш заңсыз айналымнан шығарылды.

ІІМ-нің мәліметі бойынша гашиштің салмағы 200 граммнан асқандықтан, тиісінше, жаза да күшейтіледі.

Есірткінің аса ірі салмағын заңсыз сатқаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталды, оларға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.ҚР ІІМ
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды