Теміртауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Сурет: Zakon.kz
5 желтоқсанда полицейлер кісі өлтіргенін мойындаған Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынын ұстады

Теміртауда хабар-ошарсыз кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теміртау қаласының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, қала тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабарламаға назар аударды.

47 жастағы ер адам 23 қарашада үйінен шығып, сол күйі кері оралмады.

3 желтоқсанда полиция адам жоғалу фактісін тіркеді. Жоғалған адамды табу үшін облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді. Іздеу шараларына волонтерлер де қосылды.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары барысында із-түзсіз жоғалған адамның өлтірілгені анықталды. Қарағанды қаласы ПД баспасөз қызметі

5 желтоқсанда полицейлер кісі өлтіргенін мойындаған Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынын ұстады.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, қылмыс құралы тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды