Адам құқығын таптағаны үшін АҚШ Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады

Сурет: pixabay
Дипломатиялық бойкот қойды

АҚШ шенеуніктері 4 мен 20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиадаға қатысудан бас тартады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" интернет-басылымы жазғандай, АҚШ шенеуніктері дипломатиялық бойкот туралы айтып отырғандарын жеткізген. Яғни, жарысқа америкалық спортшылар қатыса алады, бірақ билік өкілдері бұл шараны маңызды деп елемейді.

Байден әкімшілігі 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломаттарды немесе басқа да ресми өкілдерді жібермейтінін мәлімдеген.

Өз кезегінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Америка билігінің шешіміне құрмет білдірді.

Додаға үкімет өкілдері мен дипломаттардың қатысуын әр ел өздері шешеді. Бұл саяси шешім болғандықтан оған ХОК бейтарап көзқарас танытып, оған құрметпен қарайды. Халықаралық Олимпиада комитеті
АҚШ
ҚР ҰОК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды