Алматыда көлік аударылып, жолаушы зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Шығыс айналма жолында автомобиль аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматыда Шығыс айналма автомобиль жолында жол апаты болды. Оқиға 22 желтоқсанда орын алған.

Сурет: Zakon.kz

Honda CR-V автомобилі үлкен тас жол бойымен солтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Талғар трактісіне жетпей, белгісіз жағдайлар салдарынан көлік бір жаққа қарай жүйтки жөнелген. Нәтижесінде жол айырығынан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды.

Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы зардап шеккен адамның Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

Оқиғаның мән-жайын жол полициясы қызметкерлері анықтауда.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды