Нұр-Сұлтанда алдағы үш күн бойында қар жауады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

24 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде және күндіз -8...-10°C көрсетеді.

25 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қар жауады, боран соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с құрайды, түнде ауа температурасы -15...-17°C, күндіз -10...-12°C болады.

26 желтоқсанда күн бұлтты, аракідік қар жауады, боран соғады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с қарқынмен жел соғады, түнде ауа температурасы -15...-17°C, күндіз -12...-14°C болады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды