Мадагаскарда тікұшағы апатқа ұшыраған министр жағаға шығу үшін 12 сағат жүзген

Сурет: Twitter/Andry Rajoelina
Мадагаскардың полиция министрі Серж Геллер тікұшағы теңізге құлап, жағаға шығу үшін 12 сағат жүзгенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Шенеунік – апаттан аман қалған екі адамның бірі, деп хабарлайды NDTV .

Бортында Гелле және тағы үш адам болған Мадагаскар әуе күштерінің тікұшағы Мадагаскардың солтүстік-шығысында орын алған кеме апатын әуеден бақылау үшін теңіз үстіне ұшып шыққан. Айта кетсек, кеме апатынан қайтыс болғандардың саны 85 адамды құрайды. Қазіргі уақытта 50-ге жуық адам құтқарылды, тағы үшеуі хабар-ошарсыз кеткені айтылады.

57 жастағы Гелланың айтуынша, тікұшақ қатты желдің салдарынан құлаған. Министр апатқа ұшыраған тікұшақ орындығының арқасында суда ұзақ бола алған.

Министрмен бірге тікұшақта болған тағы бір қауіпсіздік қызметкері аман қалды. Тікұшақ ұшқышы және борттағы тағы бір әскери адам хабар-ошарсыз кетті деп саналады.

Мадагаскар Президенті Андри Радзуэлина Twitter-де қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, сонымен қатар теңіз жағалауындағы Махамбо қаласына өздігінен жүзіп жеткен Гелле мен екінші офицерді құттықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды