Қазақстанның шекара қызметі 366 адамды ұстады

Сурет: Zakon.kz
Ұсталғандардан ұялы телефондар, сандық техникалар, халық тұтынатын тауарлар және қомақты қаржы сомасы тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz

Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операциялар басталғалы дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтар құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды құрықтады, олардың алтауы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды.

Қылмыскерлерді қолға түсіру кезінде: 30 бірлік қару (тегіс ұңғылы - 22, карабиндер - 3, пистолеттер - 5), 245 бірлік оқ-дәрі, 2 бірлік суық қару; 8 радиостанция, 4 бронежилет тәркіленді.

Ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон, сандық техника (планшеттер, ноутбуктер), халық тұтынатын тауарлар (15 қорап парфюмерия, 267 бөтелке спирттік ішімдіктер) және қомақты қаржы сомасы тәркіленді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, күдіктілер тізгіндеген 29 автокөлік, діни әдебиеттер мен заңсыз митингтерді ұйымдастыру тәртібі бойынша әдістемелік құралдар алынды.

Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте, шекара күзеті күшейтілген режимде жүзеге асырылуда.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды