Қазақстандық теннисші WTA 500 турнирінде алғаш рет жеңіске қол жеткізді

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық Анна Данилина бразилиялық жұбымен бірге Сидней WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚТФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда жарыстың екінші ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аяома – Ена Шибахарамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда жетінші геймде Анна мен Беатрис брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте жапониялықтар әбжілдік танытты – 7:6 (7:2). Супер тай-брейкте қазақстандық-бразилиялық жұп 5:2 есебімен алда тұрғанымен, қарсыластарының таразы басын теңестіруіне жол берді. Дегенмен сосын екі мини-брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 10:6.

Анна мен Беатрис финалда германиялық Вивиан Хайзен – мажарстандық Панна Удвардимен бас жүлдені сарапқа салды. Соңғы жекпе-жек екі сағатқа жуық уақытқа созылып, үшінші сеттің супер тай-брейкінде жеңіске қол жеткізілді. Соңғы партиядағы сәттілік Анна мен Беатриске бұйырды – 4:6, 7:5, 10:8.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды