Фискалды түбіртектің заңдылығын қалай тексеруге болады

Сурет: kgd.gov.kz
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмгіндігін бар екендігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған түбіртектерді жасауға болатыны туралы алып-қашпа хабарламалар таратылып жүр.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Бақылау-касса машиналарының модельдері мемлекеттік тізілімге енгізіледі және олардың деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар.

Өз кезегінде Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының түбіртегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта берілген ҚКМ чектің заңдылығын фискалдық деректер операторының ресми сайтында , Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында және электрондық үкімет порталында тексеруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды