Шетелде қазақстандық паспортты алу қымбаттап кетті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен шет мемлекеттің аумағында консулдық іс-әрекеттерді жасағаны үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz
Осылайша, Қазақстан Республикасының паспортын алу құны 40-тан 100 АҚШ долларына дейін қымбаттады.

Басқа валюталарда төлқұжат құны: 75 еуро, 5850 ресей рублі, 660 қытай юанына тең болады.

Тууды тіркеу және тиісті куәлікті беру 25 АҚШ долларын құрайды. Бұл 20 еуро, 1420 ресей рублі, 165 қытай юанына тең.

Сонымен қатар, консулдық мекемелер жүзеге асыратын азаматтық хал актілерін тіркеуден әкелікті анықтауды және бала асырап алуды алып тастады.

Бұйрық 2022 жылғы 14 ақпанда күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды