Медальдан үміткер Юлия Галышева Олимпиада ойындарының ақтық сынына өтті

Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасының іріктеу кезеңінен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші іріктеу кезеңінен өту үшін алғашқы ондыққа ілігуі тиіс еді. Бұл Олимпиаданың финалына өтуге мүмкіндік береді. 

Қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті: 

- Олеся Граур - 18-орын

- Аяулым Әміренова - 12-орын

- Юлия Галышева - 9-орын

- Анастасия Городко - 11-орын

Осылайша, Олимпиаданың финалдық кезеңіне тек қана Галышева өтті. Ал Городкоға финалға өту үшін сәл ғана ұпай жетпей қалды. Анастасия - осы Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас спортшылардың бірі. Ол небәрі 16 жаста. 

Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды