Ақтөбеде ер адамнан 9 келіден астам есірткі тәркіленді

Сурет: Pixabay
31 қаңтарда Ақтөбеде “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Гришина көшесіндегі аулалардың бірінде 44 жастағы ер адамды байқап, тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметінше, ер азаматты тексеру кезінде есірткі заты бар 35 полиэтилен түйіншегі тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат – салмағы 2 келіден асатын марихуана болып шыққан. Сондай-ақ ұсталған адам есірткілік масаң күйде болған.

Әрі қарай тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адам бұл затты таныс адамынан алғанын түсіндірді.

Есірткі сатушының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қызметтік иттің көмегімен полиция қызметкерлері балконнан 7 келіден астам марихуанаға ұқсас затты тәркіледі.

ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қара нарықта тәркіленген есірткінің сомасы 3 млн теңгеден асады. Айналымға жіберілмеген тәркіленген есірткі заттары 19 мыңнан астам бір реттік дозаны құрады.

Есірткі сатушы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды