Димаш Құдайберген: Қазақстан халқы көңіл көтеруді, әзілдесуді біледі

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің жеке өмірі мен сахналық өмірі туралы жиі айта бермейді. Алайда сұхбаттарының бірінде қалай демалып, тынығатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Блогер Арман Давлетьяровқа берген сұхбатында әнші Қазақстанда да адамдар ішімдіксіз көңіл көтеруді, әзілдеуді біледі деп түсіндірді.

Біздің менталитет басқаша. Әр ұлт бір-бірінен ерекшеленеді. Көбісі менен ішімдік тұтынатын-тұтынбайтынымды сұрап жатады. Жоқ, - деп жауап беремін. Олар: "Қалай шаршағаныңды басасыз" деп таң қалып сұрайды. Сол кезде: "Біз, қазақтар, көп нәрсеге бас ауыртып, шаршай бермейміз" деп жауап беремін, – деді Димаш Құдайберген.

Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болашақ туралы сұрақтарға жауап бере отырып, сахнада ұзақ уақыт өнер көрсеткісі келетінін айтты. Оның айтуынша, бұл «өте қиын», көп еңбектенуді талап етеді.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген ешнәрсеге өкінбейтінін және өмірінде болып жатқан дүниелердің бәріне риза екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды