Қазақстандық таеквондошылар Фуджейра турнирінде 15 жүлде жеңіп алды

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан өтіп жатқан турнирде қазақстандық жасөспірімдер 15 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жас таеквондошылар Әлібек Нұрғазы мен Арайлым Арапбай алтын медаль жеңіп алды. Қазақстанның еншісінде 2 алтын.

Ал Әлішер Ақби, Әлтайыр Өмірбек, Нұрай Қазыбек, Әлия Қайыркеновалар күмісті қанағат тұтты. Сонымен қазақстандық таеквондошылар 4 күміс медаль жеңіп алды.

Таеквондошылар Жансерік Мұқанәлі, Сағыныш Бекзатұлы, Ерасыл Орынбасар, Карина Толоконникова, Аружан Әбдіқадыр, Альмира Қанат, Асылай Айдар, Екатерина Сватовская Фуджейра қаласында таеквондодан өткен турнирде қола жүлдеге ие болды. Сонда қазақстандық жасөспірімдердің еншісінде 8 қола бар.

Еске сала кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан рейтингілік "Fujairah Оpen" турнирі өтіп жатыр.

G-2 дәрежесіндегі жарыстарға әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 600-ден астам спортшы қатысатыны хабарланған.

Қазақстан
БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды